Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр айтты. Бүгінде банктер жалпы 4,3 млрд. теңгенің өтінішін қабылдады. Оның ішінде 4 млрд. теңгеге тарта өтініш мақұлданды. Бұл бағытта да түпкілікті қарыз алушыға дейін оның құны жылдық 10 пайыз болуы үшін мемлекет өзіне 7 пайызға дейін ипотеканың сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеу тұрғысында міндеттемені алады», - деді ол. Жыл басынан Қазақстанда 15 мың арзандатылған баспана салыныпты. Сондықтан да үй бағасы бірқалыпты. Қазіргі таңда 2,5 млн. адам үй алуға кезекте тұр. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болса, бұл мәселе 40 пайызға шешілер еді. Жалпы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 17 млрд. теңге үнемдеген.
Индира БЕГАЙДАР