Қазақстанның мүмкіндігі арта түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мүмкіндігі арта түспек

06.02.2014
Қазақстанның мүмкіндігі арта түспек
Қазақстан үшін халықаралық саудадағы басты бағыт - транзиттік тасымалдау жүйесін құру және көліктік инфрақұрылымды дамыту.
 
Стамбулда өтіп жатқан XVII Халықаралық Еуразия экономикалық саммитінде сөз сөйлеген еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осылай деді.
 
Оның айтуынша, Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі экономикалық ахуалды оңалтуға ықпалы зор. Бұған мамыр айында Астанада өтетін IX «ТрансЕуразия-2014»  Халықаралық конференциясы өз септігін тигізбекші.
 
Бұл шара аймақтағы көлік-комуникация саласындағы байланысты дамытып қана қоймай, сауда-экономикалық қатынасты да нығайта түседі.  Саммитте сондай-ақ, жақында іске қосылатын Карс-Тбилиси- Баку теміржол магистралінің маңыздылығы туралы айтылды.
 
Сарапшылардың болжамынша, бұл жоба іске қосылған соң, Ақтау портының мүмкіндігі кеңейе түседі.
 
Аккан Сувер, «Мармара тобы» қорының бас директоры:
Қазақстанның бұл жиынға қатысуы - біз үшін маңызды. Себебі, сіздердің елдеріңіздің аймақтағы экономикалық өсімді арттыруға қосатын үлесі зор. Мемлекет басшыларыңыздың тарихи Ұлы жібек жолын жандандыру идеясын Еуразия кеңістігіндегі елдер қуана қолдады. Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізі, Карс-Тбилиси-Баку теміржол желісі.  Бұл  жобалар қазақ елінің қатысуынсыз толық жүзеге аспайды.
 
Бақытжан ОМАРОВ

Хабарламаларға жазылу