Мемлекеттілікті нығайтудың 5 бағыты талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттілікті нығайтудың 5 бағыты талқылануда

14.03.2015
Мемлекеттілікті нығайтудың 5 бағыты талқылануда

Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының XVI съезiнде айтқан 5 бағыты-мемлекеттілікті нығайту жолындағы таптырмас мүмкіндік. Қазір Қазақстанның барлық аймағында институционалдық реформа қызу қолдау тауып отыр. Өйткені, онда ең бастысы әлеуметтің әлеуетін арттырып,экономиканың ілгерілуіне сеп болмақ.

Мемлекеттілікті нығайту мақсатында Елбасы ұсынған бес реформаның бірі – кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратын құру. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптары күшейтіледі. Қызмет істеп жүрген шенеуніктер түгелдей аттестациядан өткізіледі. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтің сапасы арта түспек.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу