Бүгін қалалық сотта сыбайлас жемқорлыққа барған екі тәртіп сақшысына үкім кесілді. Оның бірі айыппұл төлейтін болса, екіншісі бас бостандығынан айырылды. Биыл көктемде Жол полициясы батальонының қос қызметкері тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты хаттама толтырудың орнына олардан пара алған. Әрі кіші сержант хаттамаға қол қойғысы келмеген азаматты ұрып-соққан. 26 жастағы полицей Айбек Серденов болса, 1000 теңге парамен ұсталды. Ал, 23 жастағы Марат Ахметғалиев 5 мың теңге пара алып, әрі қызметін асыра пайдаланғаны үшін жазаға тартылды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ