Бірақ, өсім инфляция деңгейінен аспайды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан энергетиканы реттеуші органдардың аймақтық қауымдастығының конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтты. Дегенмен, вице-министр қай қызмет түріне тариф қымбаттайтынын нақты айтқан жоқ.
Айта кету керек, қазір елімізде ұзақ мерзімді тариф саясаты жүзеге асырылады. Яғни, баға жыл сайын өзгермей, ұзақ мерзімге бекітіледі. Аталған конференцияға реттеуші органдар мен қызмет ұсынушы ірі компаниялар қатысуда. Үш күндік форумда тариф бекіту саясаты мен салаға инвестиция тарту тетіктері жан-жақты талқыланады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ