Заңсыз өнім шығарғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз өнім шығарғандар ұсталды

22.09.2017

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Көлеңкелі экономика» шарасы аясында Алматы облысындағы Байсерке елді мекенінде қымбат алкагольді ішімдікті арзан өнімдермен араластырып, сатушыларды ұстады.    

Жедел-іздестіру операциясы кезінде астыртын цехтан көрші Қытай елінен әкелінген бөтелкелер мен қақпақтар және тағы басқа заттар табылған.

Құны қымбат «Jameson» маркалы вискиді жасырын орында жасаған күдікті ішімдікті қаладағы түнгі клубтар мен көңіл көтеретін мекемелерге арзан бағамен сатып отырған.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу