Отбасында жанжал көтеріндерді қамауда ұстау уақыты 24 сағатқа созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасында жанжал көтеріндерді қамауда ұстау уақыты 24 сағатқа созылады

15.09.2017

Енді отбасында жанжал көтеретін маскүнемдерді қамауда ұстау уақыты 24 сағатқа созылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте айтылды. Онда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер туралы құжаттың таныстырылымы өтті. Бұрын мұндай әкімшілік құқықбұзушылыққа барғандарды 3 сағат қана қамауда ұстайтын. Заңда қарастырылған ол мерзімді ұзарту маскүнемнің көршілеріне, отбасына қауіп төндірмеуі үшін қажетті қадам болып тұр. «Өйткені, үш сағаттан кейін босатылған осындай адамдар көбінесе ішімдіктен айықпайды және үйіне барған соң бала-шағасының мазасын алады», - деді мамандар.  Қаралып отырған заң жобасында әкімшілік бұзушылықтардың 345 құрамы бойынша санкциялар жеңілдейді. Оның ішінде 157 құрам бойынша айыппұл мөлшерін төмендеу қарастырылып отыр.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу