Орталық Азия елдеріне ортақ бұқаралық ақпарат құралдарын құру керек - Еркін Тұқымов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдеріне ортақ бұқаралық ақпарат құралдарын құру керек - Еркін Тұқымов

14.09.2017

Орталық Азия елдеріне ортақ бұқаралық ақпарат құралдарын құру керек. Бұл барлық саладағы әріптестікті жаңа деңгейге көтереді. Мұндай пікірді Қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінің меңгерушісі Еркін Тұқымов айтты. 

Бүгін Қазақстанның Халықаралық қатынастар кеңесінің сарапшылық кездесуі өтіп, онда  «Орталық Азиядағы стратегиясы: өңірлік ынтымақтастық векторын нығайту» тақырыбы сөз болды. Мамандар әріптесткті нығайту үшін кооперацияға жағдай жасау және түрлі деңгейдегі кездесулерді жиірек ұйымдастыру керектігі туралы пікірлерін жеткізді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу