Елімізде «Жастар кадрлық резерві» жобасына өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Жастар кадрлық резерві» жобасына өтінім қабылдау басталды

13.09.2017

Мақсат – мемлекеттік басқару жүйесі мен бизнесте заманауи басқарушылар тобын қалыптастыру. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Талапкерлерді іріктеу бірнеше кезеңнен құралған. Конкурс нәтижесінде сынақтан сүрінбей өткен 48 азаматтың 32-сі Парламент Мәжілісінде, ал, қалғаны түрлі мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тәжірибеден  өтеді.

Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 30-қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Ғазиза МҰХАМЕДЖАНОВА

Хабарламаларға жазылу