Алматының Медеу ауданында инвесторлардың қаржысымен 1965 жылға дейін салынған 28 ескі үй бұзылып, орнына жаңа үйлер тұрғызылмақ. Бұл туралы бүгін аудандық инвесторлар форумында айтылды. Сондай-ақ, биыл жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын 25 көше күрделі жөндеуден өткізілген. Одан бөлек, 120-ға жуық ауладағы ойын алаңқайлары жаңартылған. Ауданда инвесторларды игілікті істерге тарту үшін инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік және коммуникациялық жүйелерді жаңарту жұмыстары жалғаса бермек.
Амангелді СЕЙІТХАН