Қала маңындағы «Қарабатан» зауытының бір топ жұмысшысы жедел түрде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға сальмонеллез диагнозы қойылған. Мамандар көмегіне жүгінген 20-ға тарта адамның 10-ның жағдайы ауыр болуына байланысты ауруханаға жатқызылды. Өзгелері үйлеріне жіберілген. Қазір басқа да жұмысшылар тексеріліп, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.