Бүгін таңғы уақытта, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 3 кенші қаза тапты. Таңертеңгі төрт шамасында, кенеттен метан газы ауаға тараған. Тағы бірнеше кенші ауруханаға жеткізілген. Қайтыс болған үш адамның мәйіті де бірден табылды. Марқұмдардың кім екені анықталды.
Сондай-ақ, метан газынан уланған 4 кенші Қарағандыдағы облыстық медициналық ауруханаға жеткізілген. Бүгін бірі денсаулығы жақсарған соң үйіне жіберілген.
Қазір оқиға орнында индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскери апат-құтқару мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы штаб құрылған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ