Алматы облысының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

29.08.2017

Жаңа мекемеде енді күнделікті кезекші прокурор халыққа қызмет көрсетеді. Белгіленген кестеге сәйкес, облыс прокурорынан бастап, орынбасарлары, басқарма және бөлім басшылары тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, құқықтық кеңестер береді. Жыл басынан бері облыстық прокуратураға 11 мыңнан астам арыз келіп түскен. Олардың 5 мыңға жуығы қылмыстық істерді жүргізу барысына қатысты. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу