Қазақстанның жаңа Бас прокуроры тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның жаңа Бас прокуроры тағайындалды

18.03.2019

Президент Жарлығымен лауазымдық қызметке Ғизат Нұрдәулетов кірісті. Еңбек жолын Алматы облысының Жамбыл аудандық прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде, Ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен, сонымен қатар, департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымындарында болды. 2017 жылдың шілде айынан соңғы тағайындалуына дейін Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. 55 жастағы Ғизат Нұрдәулетов II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу