Астана-Павлодар тас жолының құрылысы келер жылдың ортасында толық аяқталады. Мұны «Қазавтожол» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Темірхан Меңдібаев жариялады. Қазір 421 шақырым жолдың үштен бірінде жол төсеу жұмыстары аяқталып қалды. Биыл «Орталық-Шығыс» дәлізінің құрылысына 195 млрд. теңге бөлінген. Әзірге осы қаржының тең жартысы ғана игерілген. Жаңа жолдың сапасы қандай, әрі Астана мен Павлодар қанша шақырымға жақындай түсті? Ғабит Бөкенбайдың репортажы.
Ғабит БӨКЕНБАЙ