2 жасар баланың мәйіті ауладағы әжетханадан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 жасар баланың мәйіті ауладағы әжетханадан табылды

25.08.2017

Осыдан 2 күн бұрын «Шаңырақ-2» ықшамауданында 2 жасар бала Әниз Есімхан із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Анасы мен туыстары және көршілері іздеп таппаған соң полицияға хабарласқан. Өкінішке орай, баланың мәйіті бүгін түскі сағат бірлер шамасында ауладағы әжетханадан табылды.

Қазіргі таңда кішкентай баланың өлімінің себеп-салдары анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алатау ауданы Ішкі істер басқармасында сот алды тергеу жалғасу үстінде.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу