Астанада жыл басынан бері 36 адам көлік апатынан көз жұмған. Қайғылы оқиға өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің жол ережесін өрескел бұзуы өлімге әкеледі дейді,- жол сақшылары.
Жалпы, биыл қала бойынша 329 жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Бүгін қалалық Ішкі істер департаментінде арнайы жиын өткізген құзыретті орган өкілдері бұл салада жағдайды жақсарту жайын саралады. Ол үшін мамандар көлік көп жүретін жолдардың ортасына арнайы бөгеттер салуды ұсынып отыр.
Елдос САПАРҒАЛИ