Оралда ірі жол апатынан 58 адам жапа шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ірі жол апатынан 58 адам жапа шекті

24.08.2017

Бүгін Орал қаласында ірі жол апаты болды. Екі автобус соқтығысып, 58 адам зардап шекті. Оқиға таңғы сағат 9-дар шамасында болған. Жол апатынан зардап шеккендерді жедел жәрдеммен қоса,  куәгерлер жеке көліктерімен ауруханаға жеткізген. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызы жағдайды баяндайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша жол апатына №7 автобустың  жүргізушісі кінәлі екені анықталды. Қазір осы оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу