Алматы облысында майлы дақыл көлемі артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында майлы дақыл көлемі артпақ

24.08.2017

Алматы облысының диқандары жүгері алқаптарын кеңейтіп, өнімділікті арттыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда өңірде 79 мың гектарға осы  дақыл өсіріледі. Былтыр орта есеппен әр гектардан 64 центнерден өнім алынды. Ал, кей алқаптарда 120 центнерге дейін жетті. Облыс аумағында өткен алқап күнінде жүгері мен майлы дақыл көлемін көбейту мәселесі қаралды. Семинар кеңеске Ресей, Еуропа және Қазақстанның ғалымдары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Қазіргі таңда жердің құнарлығын арттырып, топырақ сапасын сақтап қалу үшін жүгері мен майлы дақылдарды ауыстырып өсіру мәселесі ұсынылып отыр. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу