Оралда Ресей Федерациясының вице-консулы жасөспірім баланы қағып кетті. Алайда, жол апатына себепкер болған жүргізуші жауапкершілікке тартылмады.
Жол-көлік оқиғасы Құсайынов пен Шаған жағалауы көшелерінің қиылысында, жаяу жүргіншілер жолында болды. Бала жолға жүгіріп шыққанда «Тойота» жеңіл көлігінің артқы жанына соғылады. Жеңіл жарақат алған жасөспірім дәрігерге қаралып, сол күні үйіне жіберілді. Кейін көлік тізгіндеген азамат Ресей Федерациясының вице-консулы екені анықталды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ