Шараға Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Данияр Елеусіновпен қатар, Мәдениет және спорт министрі де қатысты. Арыстанбек Мұхамедиұлы флешмоб аясында Олимпиада чемпиондары бастаған бір топ жастармен 100 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Сондай-ақ, жиналғандардың барлығы «Біз халықаралық астаналық Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының марафонын қолдаймыз» деп ұрандатты. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген министр барлық ниет білдірушілерді марафонға қатысуға шақырды.