Астанада ерекше флешмоб өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ерекше флешмоб өтті

20.12.2017

Астанада ауа райының суықтығына қарамастан, ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Шара ашық аспан астында ЭКСПО алаңында өтті. Дәл мұндай жоба әлемде бұрын-соңды болмаған. Осылайша, ұйымдастырушылар бір мезеттегі көпшілік қимылын «Гиннес» рекордтар кітабына енгізуді көздейді. Шараға қатысқандар сертификат пен бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Аяжан Жұбанышова, шара ұйымдастырушысы:

- Әлем бойынша бірінші рет болып тұрған флешмоб. Бұдан басқа ерекшелігі - 4 бағалы сыйлығымыз бар. Қазіргі таңдағы тренд «Айфон Х»,  фитнес клубқа абонементтер және бір адамға Парижге 7 күндік жолдама.

 

Хабарламаларға жазылу