Өткен айда 270-тен аса ауру мал тіркеліп, оның 100-ден астамы арам қатқан. Қазір өлекселерден сынама алынып, зертханалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат агенттіктерінің Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиевке сілтеме жасап таратқан мәліметтеріне қарағанда, сиырлардың жаппай қандай дертке шалдыққаны әзірге беймәлім. Маусым айында тап осы ауданда 100-ден аса жылқы қырылып қалған болатын.