Елімізде астық сапасы төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде астық сапасы төмендеген

16.08.2017

Жылдан жылға астық сапасы төмендеп барады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты. Алты жыл бұрын - бидай сапасы 88 пайыз, яғни 3-ші санат болып саналса, қазір бұл сапа 2 есе төмендеп кеткен. Басты себеп - қолайсыз ауа райы мен астық аурулары. Сондай-ақ, сапаның төмендеп кетуіне субсидиялау тетігінің өзгеруі де кері әсерін тигізген. 2014 жылдан бастап жоғары сұрыпты дәнді-дақылдарды субсидиялау тоқтатылған.

Осылайша, сапалы сорттағы бидай егу көлемі азайып кетті. Жағдайды реттеу үшін министрлік субсидиялау тетігін қайта қосып, бұл мақсатқа 7 миллиардтан астам қаржы бөлген.

Айта кету керек, Президент бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауа райына сеніп отыра бермей, саланы инновациялық рельске көшіруді тапсырған болатын.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу