Астана полицейлері жалғыз жүрген қызды тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана полицейлері жалғыз жүрген қызды тауып алды

10.08.2017

Астана полицейлері түн ортасында көшеде жалғыз жүрген қызды тауып алды. Бүлдіршін түнгі 1-лер шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында жүрген. Жасы шамамен 3-4-те. Есімі Милана екенін айтады. Ювеналды полиция инспекторы балғынды бірден бейімделу орталығына жеткізген. Қыздың ата-анасы мен туысқандары анықталып жатыр. Баланы таныған немесе қандай да бір ақпарат білгендер 102 немесе 8 7172  71 60 22, 8 778 917 05 78 нөмірлеріне хабарласуларына болады.

Хабарламаларға жазылу