Полицейлер пара алу үстінде ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер пара алу үстінде ұсталды

30.01.2014
Полицейлер пара алу үстінде ұсталды
Орал қаласында қаржы полицейлері пара алды деген күдікпен Ішкі істер органдарының екі қызметкерін қамауға алды. Тағы біреуіне үйде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
 
Олар алаяқтық әрекетке барған банк менеджерін бопсалаған. Оның кінәсін мойындатып, тұтқындаймыз деп қорқытып-үркіткен. Сондай-ақ тез арада 1 миллион теңгені тауып берсе, қылмыстық жауапкершіліктен құтылатындығын да жеткізген. Аталған қаржының 700 мың теңгесіне ие болып, қалған 300 мыңын алу кезінде қолға түсті.
 
Мәншүк Харесова, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Батыс Қазақстан облысы қаржы полициясы департаменті Искендиров, Құрақов және  Шуақбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабы 4 бөлімінің  «а», «б», «в» тармақтарымен, пара алу туралы қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Кураковқа пара алуда делдал болды деген айып тағылуда.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу