Жыл басынан бері Қазақстанда 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Қазақстанда 170 мыңнан астам жұмыс орны ашылған

08.08.2017

Дегенмен, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында жұмыспен қамту қарқыны әлі де төмен. Бүгін Үкімет отырысының күн тәртібінде жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы бағдарламалардың орындалу барысы қаралды. Құзырлы министрліктің мәліметінше, кейбір облыстарда жұмыс орындары сапасыз. Яғни, уақытша жұмыс орындарын құру белең алған. Ол дегеніңіз, мұндай жұмысшылар зейнетақы жүйесіне қатыспайды.

 

Дулат АБИББУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу