Жауын салдарынан үйі суға кеткен атыраулық тұрғын халық қалаулысынан баспана алуға көмектесуін сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жауын салдарынан үйі суға кеткен атыраулық тұрғын халық қалаулысынан баспана алуға көмектесуін сұрады

08.08.2017

Бүгін Мәжіліс депутаты Кеңес Абсатыров «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалында тұрғындарды қабылдады. Арыз-шағым арқалап келгендердің басым бөлігін жол құрылысы, несие, жер телімі және тұрғын үй кезегіне қатысты сауалдар мазалайды.  Қала тұрғыны Игорь Халиковтың үйі жауын-шашын салдарынан суға кеткен. Енді ол халық қалаулысынан жаңа баспана алуына көмектесуін сұрайды.

Өз кезегінде, Кеңес Абсатыров тұрғын үй өтінішінің жауапсыз қалмайтынын, бұл істі құзырлы органдарға  жеткізетінін уәде етті.

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу