Алматыда «Оңай» төлем картасына сұраныс артты. 1-тамызда енгізілген қолма-қол төлем құны 150 теңге болған. Сол күні қыруар қаражат түскенімен, екі күннен бері «Оңайды» қолданушылардың саны еселенді. Алайда, әлі де барлық автобуста таңертеңгілік тексеру жұмыстары тоқтаған жоқ. Бұған дейін күніне 100 билетсіз мінген жолаушыларды ұстаса, екі күндік рейд кезінде тек 5-6 адам картасыз жүргені анықталды. Ал, «Оңайдың» құны еш өзгеріссіз, 400 теңге күйінде қалды.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ