Петропавлдың ескі саябағында 2000 түп ағаш кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдың ескі саябағында 2000 түп ағаш кесіледі

03.08.2017

Жергілікті дендролог мамандардың айтуынша, бұл уақыт талабынан туындаған шара. 50 жылдан астам өсіп тұрған ағаштарды жас көшеттерге ауыстыратын кез келді. Қаланың мәдениет және демалыс саябағының ескі бөлігінде өсіп тұрған ағаштар сонау 1957 жылы отырғызылған. Қоғамдық бастамамен сол кезде ескі зиратқа мыңдаған жас көшет отырғызылып, қалада саябақ пайда болды. Бұл іске бастамашы болғандардың бірі - теріскейлік дендролог Василий Зверяченко.  Ол «кәрі ағаштардан арылу керек», - дейді. Жаңарған саябақта гүлзарлар, жаяу жүргіншілер үшін тротуар мен велосипедшілерге арналған жолдар салынады.  

Хабарламаларға жазылу