Атырау облысының Индер аудандық сотында «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы Индер аудандық филиалы басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотқа дейінгі тергеу органдары өкілдерінің айтуынша, филиал басшысы коммерциялық ұйымда басқару функцияларын орындайтын маман бола тұра, қызмет бабын асыра пайдаланған.Әрі бірнеше рет ақшаны заңсыз алған.
Өнербек ЖАҢАБАЙ