Алматы хайуанаттар бағында аюларға арнап жаңа жай салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы хайуанаттар бағында аюларға арнап жаңа жай салынды

31.07.2017

Алматының зообағындағы гималай аюлары жаңа орынға көшті. Олар бүгін жаңа вольерге қоныстанды. Байкал мен Будур Алматы зообағында 20 жылдан бері өмір сүріп келе жатыр. 20 жыл бұрын Будурды Мәскеу хайуанаттар паркінен, ал, Байкалды Шымкент зообағынан әкелген. Олардың баспанасында қолайлы жағдай жасалып, табиғи көк шөп төселіп, шағын суат, ағаш, тіпті ойыншықтар да қойылған.

Алматы хайуанаттар бағында аюларға арнап жаңа жай салынды. Түз тағылары өзін құрлықтағыдай, теңіздегідей еркін сезіну үшін бұл жерлерде арнайы хауыздар салынған. Ал, келушілер терезелерден аюлардың қимылын көріп тамашалай алады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу