Алматының зообағындағы гималай аюлары жаңа орынға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының зообағындағы гималай аюлары жаңа орынға көшті

31.07.2017

Олар бүгін жаңа вольерге қоныстанды. Байкал мен Будур Алматы зообағында 20 жылдан бері өмір сүріп келе жатыр. 20 жыл бұрын  Будурды Мәскеу хайуанаттар паркінен, ал, Байкалды Шымкент зообағынан әкелген. Олардың баспанасында қолайлы жағдай жасалып, табиғи көк шөп төселіп, шағын суат, ағаш, тіпті ойыншықтар да қойылған.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу