Қызылордада жаңа балабақша ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаңа балабақша ел игілігіне берілді

28.12.2022

Қызылорда облысының Қазалы қаласында апатты деп танылған балабақшаға жаңа ғимаратқа көшті. Заман талабына сай салынған бөбекжай 140 орынға лайықталған.

Осыған дейін 90 бала бұрынғы автобаз мекемесінде тәрбиеленіп келген болатын. Тұрғындар көптен күткен жаңа балабақша жаңа жыл қарсаңында пайдалануға беріліп, бүлдіршіндер керемет қуанышқа бөленді.

Екі қабатты нысан барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ мұнда енді балабақша кезегінде тұрған қосымша 50 баланы қабылдауға мүмкіндік бар.

Сара Пірманова, ауыл тұрғыны:

Бүкіл қала халқы қуанып жатыр. Балаларымыз осындай жарық, кең балабақшаға келгендеріне. Таңертең ұйқыдан тұрғанда жаңа балабақшаға барамыз деп қуанып, жақсы келіп жүр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу