Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында астыртын жұмыс істеп тұрған ойынхана анықталды.
Заңсыз бизнес нысаны екі қабатты халықаралық телефон станциясының ғимаратында орналасқан. Құпия зал - құмар ойынға қажетті құралдармен толық жабдықталған. Яғни, жедел іздестіру шарасы кезінде покер ойынына арналған 9 үстел, 31 жүйелік блок, 1000-нан астам ойын фишкасы, 100 дана карта, ақша санауға арналған 2 аппарат пен 3 POS терминал тәркіленді. 30 адам ұсталып, уақытша қамауға алынды.
«Мұндай жағдай «Қорғас» аумағында екінші рет қайталанып отыр», - дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.
Амангелді СЕЙІТХАН