«Қорғаста» заңсыз казино ашқан 2 шетелдік ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғаста» заңсыз казино ашқан 2 шетелдік ұсталды

30.10.2023

Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығынан заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолар анықталды. Әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған. Қылмыстық «бизнес» жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған. Арнайы операция барысында бес негізгі фигурант ұсталды. Оның екеуі – шетелдік азамат.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу