Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі күні 2 млн-ға жуық зейнеткер зейнетақыны жаңа заңға сай бекіген көлемде алды. Ол үшін бюджеттен 50 млрд. теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, бірінші шілдеден бастап нәрестелі болған отбасылар үшін де бірреттік жәрдемақы көлемі 20%-ға артты. Ал, атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы мен көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы болса, келер жылдан біріктіріліп төленеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ