Елімізде зейнетақының орташа мөлшері айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері айтылды

24.04.2023

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері айтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша ол 120 мың теңгеден асады. Ал қариялардың саны екі миллион 300 мыңдай. Оларға жыл басынан бері зейнетақы төлеу үшін 800 миллиард теңге жұмсалған. Ал ең жоғары зейнетақы көлемі 700 мың теңгеден асады. Ең төменгісі - базалық зейнетақы 37845 теңге. Ал біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 14 триллион 500 миллиард теңге бар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу