Енді керекулік тұрғындар еңселі елордаға емін-еркін қатынайды. Биыл елімізде «Астана-Павлодар» тас жолының құрылысы аяқталады. Бүгін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бірінші жартыжылдықты түйіндеген Инвестициялар және даму министрі осылай деді.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ұзындығы 230 шақырым алып автобан 4 жолақты болмақ. Одан бөлек, биыл «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» мен «Алматы-Қорғас» автожолдары ақылы жүйеге өтеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ