Дағдарысқа қарсы қабылданған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы көзделген мақсатты орындай білді. Қазір осы бағдарлама негізінде нақты бес бағыт белгіленді. Оларды жүзеге асыру мақсатында тиісті қаражаттар бөлінді. Үкімет жарты жылдық жұмысты қорытындылау кезінде бағдарламаның орындалу барысын бір пысықтап алды. Атқарылатын негізгі жұмыс – тұрғын үй құрылысы. Алдағы 15 жылда 1,5 миллион шаршы метр баспана салу жоспарланған.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ