Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы академияның балалары мен қаржыгерлер арасында шахматтан жарыс өтті.
Бұл шара ала тақта ойынын енді бастаған жасөспірімдердің ынта-жігерін арттыру үшін алғаш рет ұйымдастырылды. 14 жасында-ақ әлемдегі ең кішкентай гроссмейстер атанған, әлемнің екі дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік те шәкірттерімен бірігіп, қарсыластарын қапы қалдырды. Бірінші кезеңде-ақ балалар, ересектер командасын 16:1 есебімен ойсырата ұтты. Ал, сайыс бұдан былай жыл сайын дәстүрлі түрде өтпекші.
Мирас МҰҚАШ