Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері мен кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау тақырыбын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері мен кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау тақырыбын талқылады

18.07.2017

Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, қоршаған ортаны қорғау тақырыбын талқылады. Оның ішінде, Орман кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және  «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Жаңа өзгертулер бойынша басқа санаттардағы жерді орман қорына ауыстыру және кәсіпшілік күш-жігерді бекіту туралы нормалар бекітілді.

Сондай-ақ, жиналыс барысында қатысушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм  дамуының бас жоспары талқыланды.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу