Жол сақшылары енді әкімшілік хаттамаларды планшет арқылы толтыратын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол сақшылары енді әкімшілік хаттамаларды планшет арқылы толтыратын болады

17.07.2017

Бұдан былай жол сақшылары әкімшілік хаттамаларды планшет арқылы толтыратын болады. Пилоттық жоба алғаш рет Астанада жүзеге асырылмақшы. Электронды рәсімдеу небәрі 5 минут уақытты алады. Мобильді қосымша арқылы толтырылған хаттамаға жүргізуші өзінің цифрлық қолтаңбасын қояды. Қол қойыла сала, хаттама бірден базаға тіркеледі. Сосын оның қағазға басылған көшірмесі сол сәтте принтерден шығарылып, жүргізушіге тапсырылады. Сондай-ақ, ұялы телефонына да смс-хабарлама түрінде жіберіледі. Қазір қала бойынша қолданыста 50 планшет бар. Жыл соңына дейін тағы 150 данасы пайдалануға берілмек. Ал, жобаны ел аумағы бойынша енгізу үшін құны 800 миллион теңгеден асатын 3 мыңға жуық құрылғы қажет. Ішкі істер министрі «электронды жүйеге жүз пайыз көшу үшін жергілікті әкімдердің қолдауы қажет», деп отыр.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу