Бүгін Астанада ТМД қалалары қауымдастығының ХХV сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада ТМД қалалары қауымдастығының ХХV сессиясы өтті

13.07.2017

Бүгін Астанада халықаралық қалалар қауымдастығының 25-ші сессиясы өтті. Әр елдің астаналары мен қалалары арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйым 1998 жылы құрылған болатын. Содан бері түрлі тақырыпта жиын-конференциялар өткізілді. Ал, осы жолғы сессияның тақырыптары: «Қаланың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақылды технологиялар енгізу» және «Көлік жүйесін басқару». Мамандар осы мәселелер бойынша панелді сессияларда тәжірибе алмасады.

Жалпы, ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясына қауымдастыққа мүше 28 қаланың 100-ге жуық өкілі, 5 халықаралық бірлестік пен 7 ғылыми және сараптамалық ұйымның өкілдері қатысты. Жиында сөз алған елорда әкімі Әсет Исекешев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Мэрлер кеңесін құру туралы ұсыныс енгізді.

«Мэрлер кеңесін құру - өте маңызды. Осы жылдың күзінде оның жұмысын бастауға және келер жылы алғашқы отырысын Астанада өткізуге дайынбыз»,- деді шаһар басшысы. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу