Алматыда «Оңай» жол жүру билетінің айналасынан тағы да шу шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Оңай» жол жүру билетінің айналасынан тағы да шу шықты

11.07.2017

Басталғалы басынан дау арылмаған Алматыдағы «Оңай» жол жүру билетінің айналасынан тағы да шу шықты. Бұл жолы жеке автобус парктерінің басшылары шағым түсірді. Олардың айтуларынша, «Оңай» жүйесінің бақылаушылары жүргізушілерден терминалдарды тартып алып, автобусқа мінбеген жолаушылар үшін билет шығаратын көрінеді. Ал, оның ақшасын айналып келгенде автобус паркі өтейді. Сондай бірнеше сәтті жүргізушілер бейнетаспаға түсіріп алған.

 

Амангелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу