Көліктік бақылау саласы – жемқорлыққа жиі жол беретін орган. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысында Алик Шпекбаев саладағы былықтың өршіп тұрғанын айтты. Тез бүлінетін жүгі бар жүргізушілер пара беріп жолын жалғастыра беруге бейім. Осылайша, былтыр 25, ағымдағы жыл басынан 16 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 1 111 бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде 76 %-ы заңсыз құжат тексеруге қатысты.
Ғабит БӨКЕНБАЙ