ШҚО-да инспекцияның 7 қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да инспекцияның 7 қызметкері сотталды

28.06.2022

Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері сотталды. Олар өткен жылы шілде-қыркүйек аралығында алдын-ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан облыс аумағынан кедергісіз жүріп-тұру үшін 10-нан 300 мың теңгеге дейін пара алған.

Жемқорлықпен күрес қызметі бірқатар былықтың бетін ашты. Көліктік бақылау инспекторлары тексеру кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды. Жүк көліктерін тоқтатқанмен, тексермей, тек құжаттар негізінде ғана тіркеп-рәсімдеп отырған. Көліктің салмағын, қанша тонна жүк тиегеніне көз жұмып келген. Бақылау рәсімін жүргізу кезінде бірде-бір камера қосылмаған. 289 бейнежазбаны тексергенде, ай-күні мен уақыттарында сәйкессіздіктер анықталды. Бір жылға созылған тергеу аяқталып, 7 қызметкер түрлі мерзімге сотталды.

Хабарламаларға жазылу