Ұлы көшпен елімізге 1 млн-ға жуық қандасымыз келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы көшпен елімізге 1 млн-ға жуық қандасымыз келген

23.06.2017

Қазақ елі Тәуелсіздік алғалы қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі  - 1992 жылы басталған Ұлы көш. Содан бері Қазақстанға 1 миллионға жуық қандасымыз келіпті. Әлі де 5 миллионы әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатыр. Тағдыр тауқыметімен ата жұртынан жырақ кеткен ағайын дүниежүзі қазақтарының құрылтайында бас қосты. Туған жердің бір уыс топырағы мен мөлдір суына шөліркеген, жусаны мен жуасының иісін аңсаған алыстағы қандастарымыз бұл сәтті асыға күтері анық. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу