Н.Назарбаев: 1 шілдеде халқымыз 18 миллион болды деп жариялаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: 1 шілдеде халқымыз 18 миллион болды деп жариялаймын

23.06.2017

Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мемлекет басшысы осылай деді. 

«Өткен XX ғасыр қазақ үшін қиянатқа толы өте ауыр жылдар болды. 1921-1930 жылдары аштық салдарынан біз қазақтың тең жартысынан айырылдық. Егер ондай опат болмағанда, халқымыздың саны 50-60 млн-нан асып-жығылар еді. Одан кейін репрессияда 103 мың адам сотталды. 65 мың қазақтың беткеұстар зиялысы тұтқынға түсті. Оның 25 мыңы атылды. Қазақты басқаратын, білімі бар, қазақ үшін сөз айта алатын азаматтардың барлығының тамырына балта шапты. Соған қарамастан, мың өліп, мың тірілген қазақ өркендеп қайтадан өсіп келе жатыр.

Қазір біздің санағымыз бойынша 5 млн-нан астам қандасымыз шет мемлекеттерде тұрып жатыр. Тәуелсіздік жылдарында алыстағы ағайынды қолдауды естен шығарған жоқпыз.  Шетелден 1 млн-ға жуық қандасымызды көшіріп алып, қолдан келер барлық көмегімізді жасадық. Ол көш тоқтаған емес. Келген ағайындардың арасында танымал ғалымдар, дарынды спортшылар, өнер  майталмандары бар. Қазір еліміздегі қазақтардың үлесі 70 пайыздан асады. 1 шілдеде халық саны 18 миллион болды деп жариялаймын», - деді Елбасы.  

 

Елбасының қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы. Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу