«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы арқылы жылына 11млн.тонна жүк тасымалданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы арқылы жылына 11млн.тонна жүк тасымалданады

21.06.2017

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы» - еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен Елбасының елге сіңірген ерен еңбегін екшеп өтті. Халық қалаулыларының пікірінше, Декларация - еліміз үшін маңызды оқиға. Онда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру тарихына баға беріліп, осы бағыттағы миссияны Елбасының сәтті орындап шыққаны айтылған.

Еліміздің шығысы мен батысын тікелей байланыстыратын «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу туралы бастамасы еліміз үшін дер кезінде жүзеге асырылған ірі транзиттік жоба болды.  Жалпы ұзындығы 1200 шақырымға созылған темір жолды 2014 жылы Президент  Нұрсұлтан Назарбаев өзі арнайы барып ашты. Сол жолғы қызметтік сапарында Ұлытау төрінде берген сұхбатында жаңа темір жолдың халқымыз үшін тиімділігі зор екенін атап өткен болатын. 

Бүгінде оның бойындағы елді мекендер қайта гүлденіп, жаңа станциялар мен бекеттер салынды. Халыққа жұмыс орындары ашылды.  Қазір осы жолмен тәулігіне 20-дан астам пойыз жүреді. Жылына 11 миллион тонна жүк тасымалданады. «Жезқазған-Бейнеу» арқылы халықаралық транзиттік байланыс артып отыр.

 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ         

Хабарламаларға жазылу